Қазақстанның үш елдегі елшісі тағайындалды

/image/2023/10/23/crop-13_9_972x1729_2023_06_16_56926.jpg

Президент жарлығымен Қазақстанның Индонезия, Мексика және Латвиядағы елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;  

Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген жарлықта.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи