Белгілі кәсіпкер Мерей Сламұлы "Құрмет" орденімен марапатталды

/image/2023/10/24/crop-3_232_426x758_whatsapp-image-2023-10-24-at-15.11.39.jpeg

Бүгін Алматы облысының әкімі "Kelun-Kazpharm" компаниясының атқарушы директоры Мерей Сламұлын "Құрмет" орденімен марапаттады. 

Мерей Сламұлы – белгілі кәсіпкер, меценат. 1963 жылдың 20 қаңтарында ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Құтыби ауданына қарасты Торғайты елді мекенінде дүниеге келген. Бастауыш мектепті Торғайтыда оқып, орта мектепті Құтыби ауданында бітірген. 1982-1986 жылдар аралығында Қытайдың әйгілі Нанкин Университетінің Биология факультетінде Ботаника мамандығы бойынша білім алған.

2014 жылы Мерей Сламұлы 5 жылда салынатын зауытты 1 жылдың ішінде іске қосып, 500 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал "Kelun-Kazpharm" – Қазақстанның ең ірі үштігіне кіретін, дәрі өндіретін, әлемдік фармацевтика саласында орны бар корпорация. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи