Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйден шыққан өрттен 4 бала қаза тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
25 қазанда сағат 10:49-да Төтенше жағдайлар басқармасының күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінде түтін шыққандығы туралы хабар келіп түскен.
«Оқиға орнында төрт баланың денесі табылды. Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде», - делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.
Оставить комментарий