Пайдаланылмаған және ауыл шаруашылығы жерлерін бұза отырып берілген 10 млн гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген 10 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ жайылымдық жер тапшылығы мәселесінің өзектілігін ескере отырып, қайтарылған жерлерді тиісті елді мекендерге бекіту арқылы басым тәртіппен шаруалардың қажеттіліктері үшін берілуде", делінген хабарламада.
Тиісті жұмыстар 2022-2023 жылдар аралығында жүргізілген. Алайда бұл жерлердің нақты кімдерге тиесілі екені айтылмаған. Кей қоғам белсенділері үкімет жер мәселесінде ашық болуы керегін айтады.
Оставить комментарий