Алматыдағы автобус жүргізушісін соққыға жыққан жолаушы қамауға алынды

/image/2023/12/25/crop-21_11_424x753_photo_456321.jpeg

Сот Алматыдағы автобус жүргізушісін соққыға жыққан ер азаматты қамауға алғанын хабарлады. 

"24 желтоқсанда сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының күдіктіні 2 ай мерзімге күдікті А. -ны қамауда ұстау туралы өтінішхаты қанағаттандырылды және санкцияланды", делінген Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасында. 

Еске салсақ, 22 желтоқсанда Алматы қаласында автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кетті. Автобустағы жолаушы мен жүргізушінің арасында жанжал туындап, жолаушы жүргізушіні соққыға жыққан. Жүргізуші әйел есінен танып, рөлге ие бола алмаған. Қайғылы оқиғадан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи