Астанада балаларды ұрып, қылқындырған 30 жастағы күдікті ұсталды (ВИДЕО)

/image/2024/02/05/crop-43_0_633x1126_65c0536ab188c520459245.png

Астанада үй подъезінде балаларды сабап, қылқындырған 30 жастағы ер адам ұсталды.  Астана қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға қаладағы "Эдем Палас 2" тұрғын үй кешенінде болған.

"Байқоңыр ауданының полиция басқармасы бұл дерек негізінде тұрғын үй кешенінің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Астанада болған қылмыстың видеосы кеше тараған. Видеоны әлеуметтік желіге блогер Насима Қорғанбекова бөлісті. Видеода ер адамның балаларды ұрып-соғып, қылғындырғанын көруге болады. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи