Қостанайда бюджет қаржысын ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды

/image/2024/03/11/crop-2_2_196x348_63283c69c7232452272523.jpg

  Қостанайда "ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде субсидия ретінде бөлінген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысқан топ ұсталды.

 Қаржы мониторниг агенттігінің мәліметінше, "BEEF EXPORT GROUP" ЖШС ет өңдеу кәсіпорны директорының басшылығымен ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

  - Топ ұзақ уақыт бойы "ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде мемлекет субсидия ретінде бөлген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысып, мемлекетке 3 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер 107 млн теңге өтеді, 3,1 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынды, – дейді ведомство.

   Қылмыстық схемаға 49 адам тартылған, олардың 13-і ұйымдасқан топтың мүшесі, оларға субсидияларды жымқыру, салық төлеуден жалтару, заңсыз кәсіпкерлік қызмет, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, лауазымды тұлғаларға пара беру және құжаттарды қолдан жасады деген айып тағылды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи