Су тасқынынан зардап шеккендер өтемақы алу үшін әкімдікке барып өтініш жазу қажет. Келген шығынды арнайы мамандар 10 күннің ішінде анықтауы тиіс. Штабты басқарған Премьер-министр зардап шеккендерге қысқа мерзімде көмектесіп, материалдық залалды өтеуге тапсырма берді.
"Су тасқынынан келтірілген шығын көлемін анықтап, зардап шеккен адамдарға дереу материалдық көмек көрсетілуі керек" дейді ҚР Премьер-Министрі, Республикалық штаб төрағасы Олжас Бектенов.
Қазір әрбір тұрғын аудан, ауылдық округтер әкімдігінің жедел желісіне хабарласып, келтірілген зиян туралы хабарлай алады. Сенім телефоны: 8 (710) 31-21-5-09, 21-3-04.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. материалдық зардап шеккендер ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ЖАО-ға материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.
2. ЖАО өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады.
Тұрғын үйі қауіпті деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін жергілікті әкімдіктер қалыптастыратын болады.
Оставить комментарий