Экс-президент Назарбаевтың балауыз ескерткіші жоғалды

/image/2024/04/02/crop-10_31_547x729_660b8e5c0aae3.jpg

Бұған дейін Тұңғыш Президенттің балауыз фигурасы мұражай залдарының бірінде үстел үстінде болған. Енді Назарбаевтың орнына сол үстелде армия генералы,кеңес және қазақстандық әскери көсем, Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры және Қазақстанның Халық батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің балауыздан жасалған ескерткіші тұр.

Музейдегілер Tengrinews.kz тілшісіне экс-президенттің фигурасы экспозициядан алынып тасталғанын, енді ол олардың қорында екенін айтқан. Ресми түсініктеме алу үшін Қорғаныс министрлігіне жүгінуді сұраған.

Назарбаевтың балауыздан жасалған фигурасы музейде 2018 жылы пайда болған. Жұмыстың авторы-гиперреалист суретші Айдос Есмағамбетов.

Оставить комментарий

Связанные Статьи