"ҚазАвтоЖолдың" экс-басқарма төрағасы ұсталды

/image/2024/04/04/crop-50_7_490x871_feb9c805-c77f-410a-a21e-cabbf998cd79-960x500.jpeg

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы  ұсталды. Оған ақша жымқыру фактісі бойынша айып тағылған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды" – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Асқар Мұратұлы 2021 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи