Ұл-қызы тастап кеткен физик қаңғыбастармен бірге тұрып жатыр

/img/default.jpg

60-қа жуық ғылыми еңбек жазып, талай жасқа тәлім берген Сапарбай Арынов қазір Алматыдағы қаңғыбастар мекенінде тұрып жатыр. Зиялы адамды ұл-қызы жалғыз тастап кеткен.

Жығылғанға жұдырық болып, биыл оны бір топ жігіт ұрып-соғып, тонап кетіпті. Сөйтіп, әлеуметтік бейімдеу орталығына келуден басқа амалы қалмағанын айтады.

Алматыдағы белгілі тұрағы жоқтарға арналған бейімдеу орталығы. Түрлі тағдырлар тоғысқан жер. Дәл осы жерде 2 айдан бері физика-математика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Арынов та тұрып жатыр.

72-ге келген қария өзге қаңғыбастардан ерек. Үсті-басы мұнтаздай таза. Әрі қолы қалт етсе кітапқа үңілетінін байқадық.

Сөйтсек, білдей ғалымды ұл-қызы бірнеше жыл бұрын жалғыз қалдырыпты. Содан бері зиялы қауым өкілі пәтер жалдап, өз күнін көрген. Ал, биыл бір топ жігіттің шабуылына тап болып, қаңғыбастар мекеніне келуге мәжбүр болғанын айтады.

 «5 бала екен. Сол жабылып, әмиянда алып кетті. Оның ішінде ақша, құжаттарым бар еді», - дейді физика-математика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Арынов.

 Мұнда оған тиісті ем-дом жасалған. Қазір денсаулығы қалпына келгендей. Қария кезінде ядролық физика институтында жемісті еңбек етіпті.

Тіпті зертхана меңгерушісі қызметіне дейін көтерілген. 60-қа тарта ғылыми еңбегі бар. Мектеп оқушылары мен студенттерге сабақ та берген. Өткен өмірін сағынышпен еске алған ғалым қазір де қарап жатқан жоқ.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи