Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артқан

/image/2024/04/25/crop-29_12_466x991_foto-kaz.jpg

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 2023 жылы 75,09 жасты құрағанын мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы. Бұл соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. 

Қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары.  

Гендерлік бөліністе әйелдердің өмір сүру ұзақтығы да артып, 79,06 жасты құрады (2022 ж. – 78,4), ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,99 жасқа көтерілген (2022 ж. – 70,2 жас).

Айта кетейік, көрсеткіш пандемия кезінде күрт төмендеп, одан кейін қайта қалпына келе бастаған.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи