Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталған. Алайда көп мөлшердегі су Батыс Қазақстаннан Атырау облысына ауысып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
"Атырау облысында Жайық өзенінің мониторингі жалғасуда, су деңгейі көтерілгені байқалады. Су тасқынынан қорғау мақсатында Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көмекке келген Ақтөбе, Түркістан облыстары төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамынан құрылған жиынтық топтар Батыс Қазақстан облысынан Атырау облысына жіберілді" – делінген министрліктік ресми мәлімдемесінде.
Өңірде тасқынның екінші толқыны болуы мүмкін деген қауіп сейілмей тұр.
Оставить комментарий