Әйелін азаптаған БАӘ-дегі елшінің кеңесшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

/image/2024/05/10/crop-29_103_422x751_photo1715334037-1.jpeg

Астана полициясы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің көмекшісі Сәкен Мамашқа қылмыстық іс қозғады. Бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш күйеуінен зорлық-зомбылық көретінін айтып шағымданған. 

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды", — деп жазылған полиция хабарламасында.

Айта кетейік, 9 мамырда Карина Мамаш Астанаға келіп, балаларымен бірге дағдарыс орталығын паналап отыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи