"ҚазМұнайГаз" ҰК-ның басқарма төрағасы ауысты

/image/2024/05/15/crop-31_7_528x938_photo_121833.png.webp

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы Мағзұм Мырзағалиев қызметінен кетті. Оның орнына Асхат Хасенов тағайындалды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қоры мәлімдеді.

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ұжымына Асхат Хасеновты таныстырды, оған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілгенге дейін басқарма төрағасының міндеттерін атқару жүктелген", - делінген хабарламада.

Асхат Хасенов 2019-2022 жылдары "ҚазМұнайГаз" АҚ құрылымында жұмыс істеген. 2022 жылғы қаңтардан бері энергетика вице-министрі қызметін атқарған. 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи