Қазақстанда іздеу салынған қылмыскер Ресейде ұсталды. Бұл туралы Рolisia.kz хабарлады.
"Новосибирск қаласында Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсіп, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 25 жастағы ер адам ұсталды"- делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыскер қамауға алынып. Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Оставить комментарий