Жаркентте балабақша тәрбиешісі балаларды тұншықтырып, жазықсыз ұрған

/image/2024/05/16/crop-63_3_497x629_y7l8fssg8swgg48wwgw0o.png

2024 жылдың 14 мамыр күні кешкі уақытта «Жаскент бөбекжай-бақшасы» ЖШС «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушісі Мұхаметқали Аяулым Әділетқызының анасы Г.Шаймерденова қызының аяғындағы сырылған жарақатты көреді. «Жаскент бөбекжай-бақшасы» ЖШС-дағы бейнебақылау камераларынан тәрбиешінің қызына дене жарақатын салған іс-әрекетін анықтайды. Ең сорақысы, ата-аналар бейнебақылау камерасынан тәрбиешілердің тыныш отырған балаларды себепсіз ұрып, тұншықтырғандарын көреді. Тіпті бұл сұмдықты көрген кейбір ата-аналар талып та қалған.

Ата-аналар бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдарына хабарласты. 

Осыған қатысты Жетісу облыстық полициясы жауап берді.

«Бұл дерек бойынша сотқа дейін тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Аталған іс облыстық полиция департаментінің бақылауында», - делінген хабарламада.

Балабақшада небәрі 5 ай жұмыс істеген күдікті бұған дейін тәрбиешінің көмекшісі болған. Дау тудырған жағдайдан кейін балабақша әдіскері, тәрбиешінің көмекшісі және күдіктінің өзі жұмыстан қуылды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи