БЖЗҚ-дан жинақ ақшасын алмақ болған қазақстандық ерлі-зайыпты қаржыларынан айырылып қалды

/image/2024/05/20/crop-3_4_154x274_images.jpg

Облыстық полицияның хабарлауынша, алаяқтық ісінің құрбандары ерлі-зайыптылар болған. Тергеу мәліметтері бойынша, 2023 жылдың қазан айында Целиноград облысындағы ерлі-зайыптылар зейнетақы қорынан ақша алу мүмкіндігіне қызығушылық танытқан.

"Тиісті рәсімді жүзеге асыру үшін делдалдар келесі схема бойынша жұмыс істеген. Олар ерлі-зайыптыға стоматологиялық емханаға 2 миллион 800 мың теңге зейнетақы жарнасын аударуды ұсынған. Сондай-ақ кейін бұл соманы алуға болатынын ескерткен. Делдал қыз өз қызметін 228 000 теңгеге бағалаған. Арызданушылар оның банк шотына ақша аударған. Ақмола тұрғындары жарты жылдан астам зейнетақы жарналарын алмағандықтан, полицияға арызданған", – делінген хабарламада. 

Алаяқтық әрекет фактісі бойынша Целиноград аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Нәтижесінде, күдіктінің жеке басы анықталды.

"Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуді жалғастырып жатыр. Сонымен қатар басқа да заңсыз әрекеттерден зардап шеккендердің бар-жоғы анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері алаяқтардан сақ болуды және ақшаға қатысты күмәнді ұсыныстарға келіспеуді сұрады", – делінген хабарламада.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи