Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды

/image/2024/05/27/crop-0_15_674x1197_1200x700_sxgrwnbq4mjieeahf2zbiqpzijo4coshoy4dfmhc.png

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қалалық полиция департаменті жүргізген қызметтік тергеу аяқталғанын хабарлады. "Құқық қорғау қызметі туралы" заңның 19, 56-57-баптарына, сондай-ақ қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін тәртіптік комиссияның шешіміне сәйкес, Патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабының талаптарын бұзғаны үшін (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) Астана полиция департаментінің Есіл аудандық полиция бөлімінің жедел уәкіліне қатаң сөгіс жарияланды", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Бишімбаев ұсталған уақытында полиция қызметкері қайтыс болған Салтанат Нүкеноваға қатысты "Она, наверное, сама нозила" ("Ол өзі титығыңа тиген болар" - авт. еск.) деген сөздерді айтады. Бұл реплика бейнежетонға түсіп қалып, 8 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы барысында көрсетілді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи