Қазақстандық архитекторлар бір аптаның ішінде үй салды

/image/2024/05/27/crop-27_2_660x1173_66530ef48c20a806888642.jpg

"Алматыда 3D принтермен қазақстандық архитекторлар Орталық Азияда алғаш рет бір аптаның ішінде ғимарат салдынды",- дейді «Шаңырақ» ұлттық агроқозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алмасбек Садырбай.

Оның айтуынша. үйді жас архитекторлар небәрі 1 аптаның ішінде тұрғызған. Жұмыстың күрделілігіне қарамастан, талмай еңбектеніп осындай нәтижеге жетіп отыр. Бұл инновациялық әдіс көмегімен киіз үй жасауға да болады.

Ал ғимараттың қысқа уақытта бой көтеруіне атсалысқан архитектор Ұлан: "бұл – болашаққа деген үлкен қадам. Алда әлі ресми презентация жасалады" дейді.

Ең басты тиімділігі - уақыт. Бір аптада бой көтерген үйге, толық ұсақ-түйек жұмыстарды қоса алғанда 1 айдың ішінде кіруге болады.

Бұл үйді 4-5 адам ғана салған. Үш бөлмелі студия. Қабырғалары неоклассика стилінде жасалған. Ғимарат заманауи түрде өте сәнді әрі сәтті шыққан.

3D принтер - ғылымның үлкен жетістігі екені сөзсіз. Технология дамыған сайын, ғимаратты салу процесі біршама жеңілдеп, жылдам іске асатын болады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи