Нидерланды Украинаға беретін ұшақтармен Ресей аумағына соққы жасауға рұхсат берді

/image/2024/06/03/crop-51_36_510x907_7eea9a7c-249.webp

Нидерландының қорғаныс министрі Кайса Оллонгрен Амстердам Киевке уәде еткен F-16 соғыс ұшақтарын Украинаға Ресей аумағына соққы жасау мақсатында қолдануға рұхсат бергенін хабарлады, деп жазады ВВС-дің орыс қызметі.

– Біз кез келген қару жеткізіліміне байланысты ұстанған қағидамызға берікпіз. Украина қару тапсырылғаннан кейін, оны қалай қолдануды өзі біледі, – деді Оллонгрен.

Оның сөзінше, Амстердам Бельгия сияқты ұшақтарды Ресей әуе кеңістігінде қолдануға шектеу қоймайды. Ол тек Нидерланды ұшақтарды БҰҰ қарарында бекітілген қорғаныс мақсатында ғана қолдануды сұрайтынын жеткізді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи