Парламент сенаты Масс-медиа туралы мәжіліс қабылдаған негізгі заңды мақұлдады. Заң жобасы Үкіметтің бастамасымен әзірленген.
"Масс-медиа туралы" заңға "Бұқаралық ақпарат туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" қолданыстағы заңдарға төмендегі нормаларды енгізу көзделеді:
- Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамыту, Қазақстанның ақпараттық егемендігін нығайту және қорғау үшін гранттық қаржыландыру берілетін болды;
- Бұқаралық ақпарат құралында жарияланған ақпараттар бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың талап қою мерзімі 1 жыл болып белгіленді;
- БАҚ сұрауларын қарау мерзімі 7 жұмыс күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды;
- БАҚ қызметіне өзін-өзі реттеуге, медиа саласын дамытуға мүмкіндік беру мақсатында ерікті негізде қоғамдық-кәсіптік кеңес құруға және журналистердің әдеп кодексін әзірлеуге мүмкіндік берілді;
- Мемлекеттік тілдегі теле-радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50%-дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту белгіленді (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%);
- Отандық теле, радио бағдарламалардың және қазақстандық авторлардың/орындаушылардың музыкалық шығармаларының отандық теле, радиоарналардағы көлемін 50%-дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%) көзделді;
- Отандық теле, радиоарналардағы шетелдік бағдарламалардың ретрансляциясын 20%-дан 10%-ға дейін азайту белгіленді;
- Журналистің кәсіби қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде нормалар енгізілді.
Заң жобасы президенттің қол қоюына жолданды.
Оставить комментарий