Мәсімовтың рақымшылық туралы өтініші қанағаттандырылмады

/image/2024/06/28/crop-4_0_243x431_crop-4_2_263x468_crop-6_5_272x484_crop-4_9_653x1162_4e80ac00ab2f75c2.jpeg

ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтың рақымшылық туралы өтініші қанағаттандырылмады. Бұл туралы рақымшылық туралы комиссия төрағасы, мәжіліс депутаты Марат Башимов мәлім етті.

“Комиссияның соңғы отырыстарында рақымшылыққа қатысты бірнеше материал қаралды. Екі жылға мерзімді қысқарту туралы бірқатар оң рекомендация берілді. Журналистердің Мәсімовке рақымшылық жасау жайлы мәселені қарастыру туралы сауалына келер болсақ, комиссия оған бас тартты” деп жазды Башимов фейсбук парақшасында.

ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану баптары бойынша 18 жылға сотталған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи