Алматыда жолақысы қымбаттайды

/image/2024/07/01/crop-51_43_607x1079_4be06ace9234ed73.jpeg

Алматыда қоғамдық көлікте жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттайды. Сонымен қатар, алдағы уақытта қолма-қол төлем алынып тасталады. Бұл туралы "Ашық НҚА" сайтына шыққан құжат жобасында айтылған. 

"Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы бағыттарда жолаушыларды тасымалдау қызметтерінің бағасы 120 теңге мөлшерінде белгіленсін", - делінген құжатта.

Айта кетейік, қазір жол жүру ақысы картамен 100 теңге, қолма-қол төлем 200 теңге.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи