Елтаңбаны өзгерту мәселесі жақын уақытта қарастырылмайтын болды

/image/2024/07/04/crop-20_13_262x465_crop-22_12_652x1160_63fc859915030765798252.jpg

Елтаңбаны өзгерту мәселесі күн тәртібінен алынды. Бұл туралы Vlast.kz басылысына Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлаған.

Ведомство Елтаңбаны өзгерту жақын уақытта талқыланбайтынын мәлім етті.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайда мемлекеттік Елтаңбаны өзгертуді ұсынған.

– Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек. Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады, – деген Тоқаев.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи