Астанада автобус жүргізушісінің бетіне баллоннан бұрыш шашқан бұзақы қамауға алынды

/image/2024/07/10/crop-3_-4_165x294_images-2.jpg

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға күндіз Қалдаяқов көшесінде болған. Автобуспен Kia автокөлігінің жүргізушісі жанжалдасып қалған. 

“Жеңіл көліктің жүргізушісі аялдамаға тоқтағалы жатқан қоғамдық көліктің жолын кесіп кеткен. Сөйтіп автокөліктің жүргізушісі автобусқа жақындап келіп жүргізушіге баллоннан бұрыш шашып, қашып кеткен”, – делінген хабарламада.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Kia автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі ұсталып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Сот шешіміне сәйкес, астаналық тұрғын бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи