Бұл жүйе мал соятын орындарда және сауда нысандарында ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткеннен кейін сараптама актісін берудің бизнес процестерін автоматтандырады. Сондай-ақ, жануардың толық өмірлік циклі туралы ақпараты бар QR код енгізіледі. Бұл QR ет сататын орындарда орналастырылады. Осылайша малды ветеринарлық тексеріссіз және ағзалардың сараптамасынсыз союдың алдын алуға мүмкіндік береді.
- Қазір бұл жоба іске қосылып, облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істеп жатыр. Оған мал соятын 1664 орын, ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханалары, сауда орындары қосылған. Жүйеде 1470-тен аса ветеринар, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының қызметкері және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар тіркелген, - деп жазылған хабарламада.
QR код арқылы 117 мыңнан аса ветеринариялық анықтама және 438 мың сараптама қорытындысы шығарылған.
Жүйе Ресей Федерациясымен шекаралас Шарбақты ветеринарлық бақылау пунктінде сынақтан сәтті өткен.
Оставить комментарий