Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы түрмеде өтейтін болды

/image/2024/07/18/crop-70_13_605x1076_bishimbaev-turmede-ag-ash-metall-on-deui-mumkin_1721290611.jpg

Экс-министр Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков мәлімдеді. 

"Сотталған азамат таяу арада Астанаға жақын Ақмола облысындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеге жіберіледі", - деді Теңізжан Жәнібеков.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.  Бишімбаевтың сот отырысы ашық түрде өтіп, қоғамда қызу талқыға түскен еді. Ал бүгін БАҚ беттерінде Бишімбаевтың әлі де тергеу изоляторында отырғаны туралы ақпарат тараған. 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи