Қуандық Бишімбаев тергеу изоляторынан колонияға ауыстырылды. 24 жылға сотталған экс-министр жазасын Астана іргесіндегі Аршалы ауданындағы түрмеде өтейді. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді.
"Аталған сотталған адам сот үкіміне сәйкес қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге кезең-кезеңімен жіберілді. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Кодекске сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді.
Оставить комментарий