"Мопед мәселесі уайымға айналды" деген мақаланы оқып шықтым. Сонда көрсетілгендей биылдың өзінде мопедтердің қатысумен болған апатта 27 адам қаза тапты. Масқара дерек. Осы мәселені қалай шешіп жатырмыз? – деп сұрақ қойды Премьер-министр Олжас Бектенов.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мұндай проблема барын жасырмады.
-Көбіне мопедті басқаратын жасөспірімдер мен курьерлер. Қазіргі таңда заңнамалық шараларды қабылдап жатырмыз. Бірінші - бүкіл маподтерді тіркеу жұмысын жүргізу. Кейін мемлекеттік нөмір беріледі. Яғни мопед жүргізу үшін куәлік керек болады. Қазір заң жобасы Сенатта қаралып жатыр, – Саденов.
Ведомстово басшысының дерегінше, осы уақытқа дейін 39 мың жүргізуші анықталып, жазаға тартылған.
-Оның ішінде 202 азамат кәмелетке толмағандар. Олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды. Жол ережелерін өрескел бұзған үшін арнайы орынға 5 мыңнан астам мопедтер қамалды, – деді ІІМ басшысы.
Оставить комментарий