Қазақстанда тамыз айында мемлекеттік мереке – Конституция күні аталып өтіледі. Соған орай ел азаматтары 30 тамызда қосымша бір күн демалады.
Биыл мереке жұмаға сәйкес келетіндіктен, бес күн жұмыс істейтін тұрғындар 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында демалыста болады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін тұрғындар үшін 31 тамыз жұмыс күні, 1 қыркүйек демалыс болады.
Тамыз айындағы кәсіби мерекелер мен атаулы күндер:
- 4 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) - Көлік қызметкерлері күні;
- 10 тамыз - Абай күні;
- 11 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) - Құрылысшылар күні;
- 18 тамыз - шекарашылар күні;
- 25 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) - Шахтерлер күні;
- 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні.
Оставить комментарий