Түркияда Instagram бұғатталды

/image/2024/08/02/crop-188_129_675x1200_101-1.jpg

Түркия билігі елде Instagram әлеуметтік желісін қолдануға тыйым салды. Бұл шешімді Түркияның технологиялар және коммуникациялар кеңесі қабылдаған. 

Әлеуметтік желінің не себептен бұғатталғаны жөнінде ресми мәлімдеме жоқ, алайда кейбір жергілікті БАҚ мұны 31 шілдеде Тегеранда Хамас жетекшісі Исмаил Ханидің өліміне көңіл айтулардың көбеюімен байланыстырған. 

Еске салайық, саяси бюро басшысы Хамас Исмаил Хания 31 шілдеге қараған түні Тегеранда өлтірілген. Ол басқа ХАМАС көшбасшыларының қатарында 2023 жылдың 7 қазанында Израильге жасалған шабуылға жауаптылардың бірі.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи