Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция мен прокуратурамен бірлесіп Астана мен Алматыда 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойғанын хабарлады.
Аталған деректер бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, қамауға алынған.
"Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды. "Қара" нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін. Қылмыстық Кодекстің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде" делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.
Оставить комментарий