Әкімдіктер бөлген білім грантына қалай қатысуға болады?

/image/2024/08/06/crop-40_10_634x1126_jnsssrrmz0ibw32g9e0rl1cpdnga6ncjmrnqnsb1.jpg_width=1200xheight=autoxtype=1.jpg
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024-2025 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлады.
 
Министрлік мәліметінше, биыл жергілікті атқарушы органдар 2475 білім беру грантын бөлген.
 
 
"Атап өтетін болсақ, 858 грантты елорда әкімдігі бөліп отыр. Бұл – әкімдіктер арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы – 270 грант, Абай облысы – 200 грант, Маңғыстау облысы – 175 грант, Ақмола облысы – 160 грант және Жетісу мен Қызылорда облысы – 100 грант, қалған аймақтар 100-ден аз грант бөлген" делінген министрлік хабарламасында. 
 
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет.
 
Сондай-ақ ЖОО-ға;
- білімі туралы құжат;
- ҰБТ сертификатын;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
- жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады.
 
Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи