Банкир Тәтішевтің өлімі: Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

/image/2024/08/09/crop-0_18_506x900_83293_900.jpg

Банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын бостандыққа шығады. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Сот Мұратхан Тоқмәдидің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды", – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Мұратхан Тоқмәди 2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған еді. Оған "абайсызда адам өлтірді" деген айып тағылған. 2017 жылы қылмыстық іс қайта қаралып, кәсіпкер тағылған айыпты мойындаған болатын. 2018 жылғы наурызда сот үкімімен Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи