2023 жылдың қорытындысына сай, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы өзінің максималдық мәнін көрсетіп, 75,09 жасқа жеткен, деп хабарлады ranking.kz.
Елде өмір сүру ұзақтығы пандемия кезін есептемегенде жыл сайын жоғарылап келеді. Аймақтар арасында өмір сүру ұзақтығы Алматыда 78,28 жас, Астанада 78,09, Шымкентте 76,32, Маңғыстау облысында 75,84, Атырау облысында 75,29 жас.
Өмір сүру ұзақтығы қарттардың артуына әсер етуде. 2024 жылдың басында елде 60 жастан асқан 2,7 млн адам тұрған. Бұл – бір жыл бұрынғыдан 4,2 пайызға жоғары, ал соңғы он жылдағы өсім жылына 4,4 пайызға тең.
Бүгінде ел тұрғындарының 13,6%-ы қарт адамдар. Көрсеткіш 2020 жылы 12%, 2010 жылы 9,8% болған. Демографтар қарт адамдар алдағы уақытта арта беретінін айтады.
Оставить комментарий