3 ұрыс гранатасы тәркіленген. ҰҚК деструктивті діни ағым өкілдерін ұстағанын хабарлады

/image/2024/09/03/crop-14_159_1418x2521_mycollages-2.jpg

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тамызда прокуратура мен полициямен бірігіп Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізгенін хабарлады.

ҰҚК мәліметінше, деструктивті діни ағымның жақтаушылары ретінде Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталған. Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деп күдіктелуде.

"Заттай дәлелдемелер табылды және алынды, оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар. Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған. Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде" делінген хабарламада.


Оставить комментарий

Связанные Статьи