Су саласындағы проблемаларды шешуге ірі қаржы институттары тартылады – министр

/image/2024/09/30/crop-185_81_1037x1383_b480ac0f8ea3e829c0522de2c382b43e_original.127234.jpeg

Кеңес министрліктің, халықаралық ұйымдардың және донорлық қауымдастықтың күш-жігерін үйлестіре отырып, елдегі ұзақ мерзімді экологиялық тұрақтылық пен экономикалық дамуды ілгерілетуде маңызды рөл атқарады. Үйлестіру кеңесі ресурстарды жұмылдыруға, басқаруды нығайтуға, өңірлік ынтымақтастықты кеңейтуге және су ресурстарын басқаруда тұрақты тәжірибелерді ілгерілетуге ықпал ететін болады. 

«Бір жыл бұрын бұл салада жаңа министрлік құрылды. Осы уақыт ішінде негізгі үш бағытта жұмыстарды атқардық. Біріншіден, жаңа құқықтық базаны қалыптастыруға екпін қойылды. Парламент Мәжілісінде Су кодексінің жобасы қаралып жатыр және жылдың аяғына дейін осы құжат қабылдануы мүмкін. Сонымен қатар, су ресурстары бағытында 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіттік. Атап айтқанда, саладағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін бүгін елордада Су секторын дамыту бойынша серіктестердің үйлестіру кеңесінің бірінші отырысын ұйымдастырдық», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елордада өткен жиында тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оставить комментарий

Связанные Статьи