39 жастағы әскери қызметшінің мәйіті өз пәтерінен табылғаны хабарланды.
"Алдын ала ақпарат бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзін-өзі өлтірген. Себептері мен жағдайлар анықталып жатыр. Іс бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.
Әскери қызметкер бір жылға жуық уақыт бойы бала күтімі бойынша декреттік демалыста болғаны айтылады.
"Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтады", - деп қорытындылады ведомство.
Оставить комментарий