Салынып жатқан тұрғын үй пәтерлерін брондауға тыйым салынбақ

/image/2024/10/07/crop-21_8_661x1175_rpsiaazwjxqxz1gtkbuswtkzb5x0fnqaq2sk9ubw.jpg

Заңда тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қаржысын тартуды реттеуге қатысты бірқатар жаңа ережелер қамтылған. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шарханның депутат сауалына берген жауабында айтылған.

Түзетулер келесі өзгертулерді көздейді:

алдын ала брондау (резервтеу) шарттарын жасасуға тыйым салу;

үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатсыз жарнамаға тыйым салу;

"тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заңын реттеу саласына "шағын қабатты құрылыс" ұғымын енгізу;

құрылыс мерзімдерін ұзартуды қысқарту (құрылыс объектісінің ЖСҚ-да көрсетілген мерзімнен 5 айға дейін барынша ұзарту);

үлестік заңнамаға консультация беру мәселелері бойынша Үлескерлерді қолдау орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатсыз / бірыңғай оператордың кепілдігінсіз ипотека беруге тыйым салу.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи