2026 жылға қарай ел экономикасында дағдарыс бола ма? - министр болжамын айтты

/image/2024/10/15/full_167284027864debc637fa657f78ad39bc245ee49d7_webp.webp

 Журналист министрге "Экономистер алдағы екі жылда Қазақстанда 3 ірі дағдарыс болады деп болжап отыр. Олар – бюджет дағдарысы, импорттың артуы, қарыз дағдарысы. Мұның бәріне ақша жетпеуі мүмкін. Сондықтан теңге құлдырап, ұлттық қор сарқылып, инвестиция ағыны азаюы мүмкін. Бұған Қазақстан дайын ба?" деп сұрақ қойды.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ақпараттың жалған екенін айтты.

- Менің ойымша, бұл дұрыс ақпарат емес. Ешқандай импорт пен экспорттың дағдарысы болмайды. Біз Ұлттық банкпен бірігіп жасаған болжам жасағанбыз. Ондағы цифрларға мен қарап отырмын. Біздің сауда балансымыз алдағы 5 жылда тек оң деңгейде болады. Көрсеткіш 20 млрд доллардан асады.  Экспорттың импорттан көлемі 20 млрд доллардан кем болмайды. Бұл - алдағы 5 жылды. Сондықтан мұны негізсіз ақпарат деп ойлаймын. Оған сенбеңіздер. Біз ешқандай дағдарысты болжап отырған жоқпыз. Мақсатымыз экономиканы 6%-дан асыру. Оған бүкіл дерлік мүмкіндік бар. Ол үшін тек жұмыс істеу керек. Біз экономикалық өсімді ғана күтеміз. Ешқандай дағдарыс болмайды, - деді Байбазаров үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи