Жамбыл облысында екі жасөспірім бірінен соң бірі қайтыс болды

/image/2024/10/30/crop-0_15_178x317_2024_10_29_crop-2_0_213x317_fc5d7c00cabdba849d398ac448d924af.jpg Көрнекі сурет

Полицейлер мәліметінше, жасөспірімдер Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылында бірінен соң бірі, араға бір күн салып қайтыс болған.

Осы деректер бойынша Байзақ аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 105-бап "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша соталды тергеу амалдарын бастады.

"Оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайын анықтау үшін қажетті кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады полиция.

Связанные теги :

Связанные Статьи