Жедел іздестіру шараларын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы күрес бөлімі жүргізген.
"Бұл ұйымның идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, "шариғат" нормаларын енгізуге бағытталған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ діни көзқарасты қорлау фактілері анықталды. Топ мүшелері "Хизб-ут-Тахрир" шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған", - деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған.
Оставить комментарий