Бүгін Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

/uploads/thumbnail/20250112122915506_big.webp

12 қаңтарда қазақ халқының ардақты перзенті, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың дүниеге келгеніне 113 жыл толады.

Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шет ел ордеңдері мен медальдерінің иегері. Отыз жылдан астам уақыт ел басқарды.

Ол билік басында болған уақыт күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылы тамыздың 22-де 82 жасқа қараған шағында дүние салды.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи