Бұл мәселе Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде көтерілді.
БАҚ өкілі онкологиялық аурулармен және қант диабетімен есепте тұрған науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде сауалына ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Жандос Әділхан:
- Онкологиялық және қант диабеті аурулары бойынша барлық дәрі-дәрмек сатып алынды. Қазіргі таңда Дәрімен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесіне (ИСЛО) дәрілердің атауы енгізілді. Науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне ешқандай кедергі келтіріп жатқан жоқ. Бұл жерде, ең бастысы, науқастың диспансерлік есепте тұрып, учаскелік дәрігерге барып, өзінің ауруына байланысты қажетті дәрі-дәрмекті алу мәселесі ғана тұр, – деп жауап берді.
Оставить комментарий