"Ұлыбританиядағы егін жинау жұмысына орналасуға көмектесемін" деп уәде берген алаяқтарға қатысты сот үкімі шықты.
Бұл туралы Ақмола облысы соты баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қызметтік мәртебесін пайдаланған жұмыспен қамту орталығының екі қызметкері құжаттарды ресімдеуге және виза алуға көмектесуге уәде берген. Олар уәделерін орындамайтынын білсе де, консультациялар өткізіп, шарттар жасап, бүкіл схеманы әзірлеген.
2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін алаяқтарға 76 адам 31 миллион теңгеден астам ақша салған. Олардың ешқайсысы да аталған жұмысқа ие болмаған.
Сот айыпталушыларды 76 жағдай бойынша кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ жұмыспен қамтуға байланысты кез келген мемлекеттік немесе жеке мекемелерде үш жылға дейін қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындады, – делінген сот хабарламасында.
Бір жағдай бойынша сот айыпталушылардың кінәсін дәлелденбегендігі бойынша ақтап, а ол жағдай бойынша азаматтық талаптарды қанағаттандырмады.
Қалған 66 құрбанға алаяқтар алынған ақшаны қайтаратын болды.
Оставить комментарий