«Болмаған балалық шақ» фильмі 27 ақпанда көрерменге жол тартады

/uploads/thumbnail/20250207135440332_big.webp

27 ақпаннан бастап «Болмаған балалық шақ» фильмі барлық кинотеатрларда көрсетіле бастайды.

«Болмаған балалық шақ» – танымал ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР «Дарын» жастар сыйлығының иегері Ақберен Елгезектің кейінгі жылдары бестселлерге айналған туындысы «Болмаған балалық шақ» шығармасының желісі бойынша түсірілген драмалық фильм.

Шынайы оқиғаға негізделген бұл туынды балалық шағынан ауыр тағдырдың сынағына түскен кейіпкердің өмірін суреттейді. Басты кейіпкер қиындықтар мен әділетсіздікке қарамастан, өз жолын табуға және адамдық қасиеттерін сақтауға тырысады.

Фильмнің бас продюсері автордың өзі – Ақберен Елгезек, режиссері – Айдын Сахаман, сценарийін жазған – Ефрат Шәріпов. Кинотуынды 27 ақпаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Фильмдегі басты рөлдерді Ерлан Біләл, Берік Айтжанов, Әшім Ахметов пен жас актер Шәкәрім Алмасбек ойнады.

Сіздерді әріптес дейтін кезге жеттік. Шынымды айтсам табақша аламын деген ойда да болған жоқ. Жазған дүниеміз үлкен экранға шығатын болса классикалық дүниеге айналады деп ойлаймын. Фильм Tiger Films компаниясымен "Қазақфильм" киностудиясымен бірлесіп шығарылмақ. Осы ретте Азамат пен киностудия ұжымына алғыс айтқым келеді. Азаматтың қолдауымен "Болмаған балалық шақ" повесі Ғ.Мүсірепов театрына сахналанған еді. Енді міне Астанада, Қызылорда театрларында сахналанып жатыр. Осы жылы үлкен экран арқылы қалың көпшілікке ұсынылмақ,- дейді ақын Ақберен Елгезек.

Оставить комментарий

Связанные Статьи