Шаңғы жарысынан 10 шақырымдық бағдарламада бәсекеге түскен отандасымыз мәреге үшінші болып келді. 21:20,3 уақытта келген Олжас қолаға қол жеткізді.
Бұл бәсекеде жапондық жігіттер жарады. Харуки Ямашита (21:06,5) алтын жүлдені ұтса, Күншығыс елінің тағы бір өкілі Такатсугу Уда (21:16,5) күміске қол созды.
Бәсекеге Қазақстан құрамасынан тағы үш шаңғышы қатысты. Владислав Ковалев (21:52,6) жарысты алтыншы, Наиль Башмаков (22:12,8) оныншы, Ернар Нұрсбеков (23:10,8) он алтыншы орынмен аяқтады.
Оставить комментарий