Салық өссе, тауар қанша теңгеге қымбаттайды: Үкімет болжамын жариялады

/uploads/thumbnail/20250211120045726_big.webp

Қосымша құн салығы өссе, елде тауарлар қанша теңгеге қымбаттайтыны белгілі болды.

- Салық түсімдерінің өсуі жыл сайын 4-5 трлн теңгені құрайды деп күтеміз, - деді Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Жұманғарин атағандай, бұл қаражат Ұлттық қорға тәуелділікті азайтуға, мемлекеттік борыш деңгейін төмендетуге, қосымша ресурстарды инфрақұрылымды, агроөнеркәсіптік кешенді, өңдеу өнеркәсібін және қорғанысты дамытуға көмектеседі.

Салықты көтерудің ықтимал инфляциялық әсері қысқа мерзімді болатынын және бір жыл ішінде аяқталатынын атап өту қажет. Қосымша инфляция 3% көлемде күтіледі, - деді ол.

Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, ҚҚС өскеннен кейін орталық банктер көбіне пайыздық мөлшерлемелерді төмендетеді, бұл экономикалық тұрақтандыруға ықпал етеді.

- Біз салық реформасы — әрбір кәсіпкер мен азаматты толғандыратын мәселе екенін түсінеміз. Сондықтан барлық жұмыс ашық түрде сарапшылармен бірге жүргізіліп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүгіннен бастап өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен бірге Үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобының жұмысы басталады. Жұмыс тобы жолға шықты. Барлық ұсыныстарды тыңдаймыз және диалогқа дайынбыз, - деп айтты Жұманғарин.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи