Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өсімдік шаруашылығын қадағалаудың жаңа ақпараттық жүйесі (ӨҚАЖ) үшін қосымша 714 миллион теңге бөлуді сұрады,

/uploads/thumbnail/20250211145943370_big.webp

Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде министр ведомство қолға алған келесі қадам – өсімдік шаруашылығын қадағалаудың жаңа ақпараттық жүйесін енгізу екенін айтты.

"Қазіргі жүйеде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қадағалануы тек партияға ілеспе құжаттар беру кезінде жүзеге асырылады, бұл толық қадағалауды қамтамасыз етпейді.

Жаңа цифрлық жүйе ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс циклы мен шығу тегін "егістен дастарқанға дейін" қағидаты бойынша бақылауға мүмкіндік береді, сондай-ақ тасымалданатын өнімдердің қауіпсіздігі мен қадағалауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығы объектілерінің паспорттау жүйесін енгізу жоспарланып отыр: егістік алқаптары, тарихи деректер, өнімділік, сақтау көлемдері – осының барлығы өнімнің шығу тегінің ашықтығын қамтамасыз етеді", – деп түсіндірді Сапаров.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері министрлік Ақмола облысында жобаны техникалық сынақтан өткізуге кіріскен.

"Жүйені толыққанды іске қосу үшін шамамен 714 миллион теңге қажет, бұл сома техникалық тапсырмаға енгізіліп, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен келісілген инвестициялық жобада көрсетілген. Осыған байланысты, Олжас Абайұлы (Бектенов – еск.), үкіметтен осы жүйені жүзеге асыру үшін министрлікке қосымша қаражат бөлуді қолдауды сұраймын", – деп Үкімет басшысына үндеу жасады Айдарбек Сапаров.

Оставить комментарий

Связанные Статьи